$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қытайда Роналдуны күтіп алған жанкүйерлері дүрбелең туғызды

AstanaTV
23.01.2024ж. 16:16
991
Қытайда Роналдуны күтіп алған жанкүйерлері дүрбелең туғызды

Сауд Арабиясының Аль-Наср клубы танымал шабуылшысы Криштиану Роналдумен бірге Қытайға келіп, дүрбелең тууына себепші болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Аль-Наср клубы жергілікті "Шанхай Шеньхуа" клубымен жолдастық кездесуге келді. Алайда әуежайға Роналду келгеннен дүрбелең орын алды, себебі сүйікті ойыншысын көргісі келген жанкүйерлер көптеп жиналды.

Әуежайдағы жағдайды ушықтырмас үшін полицейлер келді. Жанкүйерлер Роналдудың қолтаңбасын алу үшін тәртіп сақшыларының арқаларына плакат, түрлі қағаздарды іліп қойған. Алайда португалиял қолтаңба бермеді.

Бұл "Аль-Насрдің" – қысқы оқу-жаттығу жиынындағы алғашқы жолдастық ойыны. Алайда жеңіл жарақатына байланысты Роналду бұл матчта ойнамауы мүмкін.

Саудиялық клуб "Чжэцзян Гринтаун" (28 қаңтар), "Интер Майами" (1 ақпан) және "Аль-Хилал" (8 ақпан) клубтарымен де кездеседі.

38 жастағы Роналду "Аль-Наср" сапында 2023 жылдан бері ойнап келеді. Өткен жылдың соңында ол 54 гол соғып, әлемнің үздік бомбардирі атанды.

Криштиану – "Алтын доптың" бес дүркін иегері.