Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Елордада бала күтуші үй иесінің алтын бұйымдарын жымқырған

AstanaTV
23.01.2024ж. 15:58
629
Елордада бала күтуші үй иесінің алтын бұйымдарын жымқырған

Елордалық полицейлер 1 млн 762 мың теңге сомасында шығынды құрайтын алтын бұйымдар ұрлығын ашты.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Алматы ауданының ПБ қызметкерлері үйде бала күтуші болып жұмыс істеген 46 жастағы күдіктіні құрықтаған.

Белгілі болғандай, үй иесі хабарландыру бойынша балаларына күтуші тапқан. Ол жұмыста болған кезде, күтуші үй иесінің зергерлік (алтын сырғалар, сақина және гауһар білезік) бұйымдарын жымқырып үлгерген. Үй, қожайындарының оралуын күткеннен кейін, ол лезде пәтерден шығып ізін суытқан.

Ұрлық фактісі бойынша тәртіп сақшылары қылмыстық іс қозғап, әйелдің бұрын жасалған осындай қылмыстарға қатыстылығын тексеріліп жатыр. Ол бұрын алаяқтық үшін сотталған болып шыққан.