$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қазақстандықтар былтыр 200 мың жаңа автокөлік сатып алып, рекорд жасады

23.01.2024ж. 20:00
821
Қазақстандықтар былтыр 200 мың жаңа автокөлік сатып алып, рекорд жасады

Былтыр елімізде жаңа автокөлік сатылымы бойынша рекорд жаңарды. Қазақстандықтар жыл ішінде 200 мыңға жуық машина сатып алған. Нарықтағы отандық көліктердің үлесі 70 процентке жетті. Сәйкесінше, елдегі көлік өндірісі 30 процентке ұлғайған. Азаматтар қандай бренд маркалы машиналарды алуға құмар? Бейнематериалдан көріңіздер.

Бүгінде әлемдегі үздік 10-дыққа кіретін танымал көлік моделдерінің елімізде 9-ы өндіріледі. Қазақстанның Автокөлік одағының дерегінше, былтыр сатылған жаңа машиналардың саны 2022 жылмен салыстырғанда, 60 процентке көп. ГРАФИКА: Бұл- қазақстандық авторитейл тарихындағы ең жоғарғы көрсеткіш. Сатылым динамикасына қарасақ, желтоқсан айында жаңа көлікті болғандар рекорд орнатқан.

ГРАФИКА: 2023 ЖЫЛҒЫ ЖАҢА АВТОКӨЛІК САТЫЛЫМЫ

Қаңтар – 10 402

Ақпан – 13 163

Наурыз – 13 683

Сәуір – 14 373

Мамыр – 14 768

Маусым – 16 831

Шілде – 18 820

Тамыз – 18 215

Қыркүйек – 17 772

Қазан – 18 174

Қараша – 18 957

Желтоқсан – 23 528

Қайрат ЕЛАМАНОВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ АВТОКӨЛІК ОДАҒЫНЫҢ ӨКІЛІ:

Былтыр Қазақстанда 148 мың 885 бірлік көлік өндірілді. Бұл да рекордтық көрсеткіш. Бұл тенденция ел азаматтарының «жақсы көлік - жаңа көлік» принципін ұстанатынын көрсетті. Бұл автопарктің жаңаруына оң әсерін тигізетін динамика. Ең көп сатылған брендтердің үздік бестігі - Hyundai, Chevrolet, Kia, Chery және Toyota.

Сонымен, былтыр Hyundai, Chevrolet, Chery және Toyota маркалы машиналар жоғары сұранысқа ие болды. Көліксүйер қауымның қалаулыларының қатарында Haval, Jac, Changan, Jetour, Exeed брендтері де бар. Қазақстанның автокөлік одағының сарапшылары биыл нарық сұранысы 10-15 процентке көтеріледі деп болжап отыр.

Қайрат ЕЛАМАНОВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ АВТОКӨЛІК ОДАҒЫНЫҢ ӨКІЛІ:

Сұраныстың артуы машина өндіретін мекемелерде жұмыс орнын көбейтуге сеп болды. 2022 жылы өндірісте 4 мың 900 қызметкер еңбек еткен. Былтыр олардың саны 6 мыңнан асты. Бұл диллерлік орталықтардағы мамандарды қоспағандағы көрсеткіш.

2025 жылы Қазақстанда екі машина зауыты іске қосылады. Қостанайда Kia, Алматыда Қытайдың Chery, Changan, Haval машиналары өндіріледі. Сарапшы пікірінше, жаңа машинаны шетелден тасымалдағаннан көрі отандық өндірістің өнімін алған әлдеқайда үнемді.