$511.92 €588.91 ₽6.44
×

Шымкентте 11-сынып оқушысы суицид жасады

23.01.2024ж. 20:00
1128
Шымкентте 11-сынып оқушысы суицид жасады

Шымкентте 11-сынып оқушысы өзіне өзі қол салды. Оның мәйіті үйінен табылған. Бұл ақпаратты білім басқармасы растады. Басқарманың баспасөз хатшысы берген жазбаша мәліметке сүйенсек, марқұм сыныптастарымен жақсы қарым-қатынаста болған. Сабақ үлгерімі де қанағаттанарлық. Қазір қайғылы жағдайға байланысты құзырлы орган өкілдері тексеру жұмыстарын жүргізуде. Мектеп оқушысының суицид жасауына не себеп болғанын полиция анықтап жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.