Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

"Әр адам сабырлық сақтау керек",-М.Қайырғалиев

23.01.2024ж. 20:00
564
"Әр адам сабырлық сақтау керек",-М.Қайырғалиев

Алматыда үрейленген халыққа мейрамхана қызметкерлері ыстық шәй үлестірді. Жұрттың көбі көшеге желең шыққан. Аязды түні бой жылыту үшін кейбір тамақтану орындары жұртты түгел ішке кіргізіп, дәм ұсынды. Ал, полиция қызметкерлері жер сілкінісі кезінде зейнеткер мен оның 4 немересіне көмектескен. Көшеде арба сүйреп жүрген зейнеткерді үйіне дейін жеткізіп салды. Қиын сәтте дін қызметкерлері де шетте қалмай, мешіттерді ашып, жұртшылыққа уақытша паналауға жағдай жасады.

Мақсатбек ҚАЙЫРҒАЛИЕВ, ҚМДБ ЗЕКЕТ ЖӘНЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Әр адам сабырлықты сақтау керек. Қандай да жағдай болмасын, егер әрбір нәрсе ойланып, байыппен істелсе, енді ол жерде қиын ғой, енді әрбір адамның өзінің жанын шүберекке түйіп отырған кезде сабырлыққа шақыру. Осы сабырлыққа мен де бәрін шақырамын.