Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Оңтүстік Корея базарында 227 дүкен өртеніп кетті

AstanaTV
23.01.2024ж. 19:39
621
Оңтүстік Корея базарында 227 дүкен өртеніп кетті

Cочходағы теңіз өнімдерінің үлкен базарында 227 дүкен өртеніп кетті, деп хабарлайды inform.kz.

Өрт дүйсенбі күні түнде басталды. Жалын 361 өрт сөндіруші және 45 өрт сөндіру көлігінің көмегімен екі сағаттың ішінде ауыздықталып, таңға қарай толық сөндірілді.

Теңіз өнімдерінің дәстүрлі базарында 292 дүкеннің 227-сі өртеніп кеткен.

Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз.