Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Петропавлда 43 жастағы әйелден жарты келіден астам синтетикалық есіткі табылды

AstanaTV
24.01.2024ж. 00:33
3769
Петропавлда 43 жастағы әйелден жарты келіден астам синтетикалық есіткі табылды

Петропавлда Астана қаласының жұмыссыз тұрғыны ұсталды. 43 жастағы әйелден жарты келіден астам синтетикалық есірткі табылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полицейлер Набережная көшесінде кетіп бара жатқан «Hyundai Elantra» автокөлігін тоқтатқан. Көлік салонында Астана қаласының тұрғыны отырған. Ол Петропавл қаласында уақытша тұрып келген. Әйелден 80 түйіншек тәркіленді. Сараптама нәтижесіне сәйкес, бұл «мефедрон» синтетикалық есірткісі болып шықты. Оның тұрғылықты мекенжайынан да есірткі мен буып-түю құралдары табылды. Тәркіленген заттың 247,8 грамы – мефедрон және 322,36 грамы α-PvP есірткісі.

Аталған факті Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Жедел уәкілдердің ақпараты бойынша, интернет-дүкендегі кураторлары күдіктіні «буып-түюші» ретінде Петропавл қаласына жіберген. Әйел 2 ай жұмыс істеп келген. Алынған есірткі партиясы облыста тәркіленген ең ірі синтетикалық есірткі партияларының бірі, - деді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Руслан Сапаров.