Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

«Вейптің құрамын зерттейтін лаборатория жоқ», - депутат

AstanaTV
24.01.2024ж. 12:33
1475
«Вейптің құрамын зерттейтін лаборатория жоқ», - депутат

Қаржы министрлігінің дерегінше, 2020 жылдан бері вейптің сатылуы 300 есеге өскен. Енді осыған заң арқылы нақты тосқауыл қойылды. Мәжіліс тиісті заң жобасын мақұлдап, оны Сенатқа жолдады.

Бүгінде пайдасынан зияны көп электрондық темекі, синтетикалық наркотик, бір ішсең қайта-қайта іше бергің келетін энергетикалық сусын секілді зиянды заттар күннен күнге көбейіп барады. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Дәулет Тұрлыханов вейптің құрамын зерттейтін лаборатория жоқ екеніне алаңдаушылық білдірді.

«Әрине, экономиканы дамытқан жақсы, ел қазынасын қампайтатын түсімнің артқаны дұрыс. Бірақ ол халық денсаулығының есебінен болмауы тиіс. Еліміздің басты байлығы – адам. Оның денінің сау, санасының сергек, зиянды әдеттерден аулақ болуы бәрінен маңызды. Сондықтан, қоғамды кальяннан арылтып, оған мүлдем тыйым салу қажет деп есептеймін», - деді Дәулет Тұрлыханов.