$494.87 €520.65 ₽4.91
×

6-қабаттан құлаған баланы жерге түсірмей қағып алған

AstanaTV
24.01.2024ж. 16:50
1697
6-қабаттан құлаған баланы жерге түсірмей қағып алған

Қытайдың Фужиян өлкесі Пучын ауданында ер адам 6-шы қабаттан құлаған баланы жерге түсірмей қағып алған, деп хабарлайды inform.kz. Қытайдың «Жэньминь жибао» ақпараттық порталы.

Аталған БАҚ-тың мәліметінше, Фужиян өлкесі Пучын ауданы Иуйжин Хуафу шағын ауданында 3 жастағы ұл бала абайсызда 6-шы қабаттан құлап кеткен. Осындай қауіпті сәтте, жолдан өтіп бара жатқан Суй Лиянхай есімді ер адам баланы жерге түсірмей қағып алған.

Бақылау камерасынан байқалғанындай, бала алдымен екінші қабаттағы жарнама тақтасының үстіне құлап түскен. Суй бір жағынан телефон соғып тұрса, енді бір жағынан құлап келе жатқан баланы жерге түсірмей қолымен ұстап қалған.

«Аса қауіпты сәтте, ол өміріне төнген қауіпке қарамай, құлаған баланы қос қолымен қағып алады. Дер кезінде құтқарғандықтан, баланың өміріне қауіп төнбеген, ер адамда жараланбаған», деп жазады қытайлық БАҚ.