Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Ұлан-Батырда 60 тонна газ тиеген жүк көлігі жарылды

24.01.2024ж. 20:00
506
Ұлан-Батырда 60 тонна газ тиеген жүк көлігі жарылды

Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда 60 тонна газ тиеген жүк көлігі жарылды. 7 адам қаза тауып, 20-ға жуық адам зардап шеккен. Соққы толқыны 10 шақырым жерден сезілді дейді тұрғындар. Апат салдарынан жақын маңдағы үйлер мен ғимараттар, базар мен 20 шақты көлік отқа оранған. Мамандар оқиғаға газ таситын техника мен басқа автокөліктің соқтығысуы себеп болуы мүмкін дейді.