Павлодарда "Майқайың-алтын" шахтасында болған апатқа байланысты қылмыстық іс қозғалды. Оларға кен қазу жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамаған деген айып тағылып отыр. Полиция 40-тан астам жұмысшы мен кен орнының басшылығын тергеген. Апат болған аумақтағы бейнежазбалар дәлел ретінде іске тіркелді.
Әділхан ДУАБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРА БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Оқиға бойынша қылмыстық кодекстің 277 бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тергелуде. Тау-кен жұмыстарын жүргізу қауіпсіздігі ережелерін бұзушылықтарды тергеу жөніндегі комиссия құрылды. Іс бойынша процессуалды прокурорлар тағайындалды. Қазба орнынан автобустың бірнеше фрагменттері мен құтқарушылардың жеке жабдықтары жер бетіне көтерілді.