$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Бізді Билл Гейтс пен Илон Маск қорғай ма?",-депутат

24.01.2024ж. 20:00
758
"Бізді Билл Гейтс пен Илон Маск қорғай ма?",-депутат

"Бізді Билл Гейтс пен Илон Маск қорғай ма?". Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев зілзала кезінде уақытылы ақпарат тарата алмаған төтеншеліктер мен ұлттық операторды сынға алды. Себебі жер сілкінісі кезінде алматылықтар хабарламаны андроид арқылы әлемдік сервистерден алған. Депутат осындай қиын-қыстау сәтте біздің қауіпсіздігімізге кім жауап береді деп ашынды. Заң жобасын таныстырған мәжлісмен Екатерина Смышляева болса, бұл мәселеге кінәлі болғандар анықталады деп сендірді.

Екатерина СМЫШЛЯЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Ақпараттың дереккөзі мүмкін дер кезінде жетпеді. Ақпараттандыру да уақытылы жетпеген шығар. Бірақ бізде заң бойынша ұялы операторлардың қысқа смс жіберу бойынша міндеттемесі бар. Ол бір күннің ішінде жіберілуі мүмкін, яғни ешқандай шектеу жоқ. Біз ТЖ кезінде қысқа әрі жылдам келетін смс-терді жіберу бойынша қайта қарауымыз керек. Сондықтан заң жобасы аясында міндеттемені қарай аламыз.