Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Сыртқы істер министрі мен Ұлттық экономика министрі ауысты

AstanaTV
28.12.2016ж. 20:00
1999
Сыртқы істер министрі мен Ұлттық экономика министрі ауысты

Билікте ауыс-түйіс. Бүгін екі бірдей министр ауысты. Сыртқы істер министрі мен Ұлттық экономика министрі қызметтерінен босатылды. Сыртқы істер министрі лауазымына Қайрат Әбдірахманов тағайындалды. Ол бұған дейін Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі қызметінде болған еді. Ал Ақорда сайтында бұрынғы министр Ерлан Ыдырысовтың басқа қызметке ауысуына байланысты лауазымынан босатылғаны жазылған.

Сондай-ақ, Президент жарлығымен Ұлттық экономика министрі болып Тимур Сүлейменов тағайындалды. Бүгін Үкімет басшысы Қуандық Бишімбаевқа бірлескен жұмысы үшін алғысын білдіріп, ұжымға жаңа басшыны таныстырды. Тимур Сүлейменов осы қызметке сайланбас бұрын Ұлттық экономика министрінің орынбасары, Еуразиялық экономикалық комиссиясының коллегия мүшесі сынды жауапты қызметтерде болған.

Дәуренбек БАҚДАУЛЕТ