Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Ресейде жер сілкінді

AstanaTV
25.01.2024ж. 09:13
1459
Ресейде жер сілкінді

Ресейдің Краснодар қаласынан 29 км қашықтықта жер сілкінді, деп хабарлайды Қазақпарат ресейлік ТАСС агенттігі.

Жерасты дүмпуін Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы тіркеген.

24 қаңтар күні тұрғындар әлеуметтік желілердің жергілікті қоғамдастықтарында жерасты дүмпуін сезгендерін хабарлаған. Тұрғындардың кейбірі бөлмеде жиһаздар мен өзге де заттар қимылдағанын жазған.

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының сайтында 4,5 магнитудалық жер сілкінісінің жергілікті уақыт бойынша сағат 14:19 кезінде, Краснодардан 29 км қашықтықта, 10 метр тереңдікте болғаны айтылған.

РФ Төтенше жағдайлар министрлігінің Карснодар өлкесі бойынша мемлекеттік мекемесінің мәліметтері бойынша, жиілігі 4 балл болатын жерасты дүмпуі Краснодар қаласы, Горячий ключ және Северской ауданында сезілген.

Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігі қазіргі таңда ғимараттарға зақым келген-келмегенін тексеріп жатыр. Осы уақытта тіршілікке қажетті инфрақұрылымдар штатты режимде жұмыс істеп тұр.