$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«Ұйқым қанбай жүр»: Ерке Есмахан сәбилі болғаннан кейін өмірінің қалай өзгергенін айтты

AstanaTV
25.01.2024ж. 22:34
1564
«Ұйқым қанбай жүр»: Ерке Есмахан сәбилі болғаннан кейін өмірінің қалай өзгергенін айтты

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Ерке Есмахан жаңа туған сәбиін қырқынан шығарып, демалысқа ұшып кетті. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі өмірінің қалай өзгергенін де айтып берді.

“Бұрын Ислам жоқ кезде “не істеп шаршайтын едім?” деп ойлап қоямын кейде.
Ұйқым биыл қанбайды-ау!”, – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары сүйікті әншілеріне жақсы демалыс тілеп, бала күтудің қыр-сырын бөлісіп жатыр.

“Алдағы 5 жылдықта ұйқыны армандамай-ақ қой Еркеша”, “Бөпеміз жоқ кезде, уақытымыздың қадірін білмеппіз. Бірақ қазір уақыт жоқ, бірақ бақыт бар. Қазір-ақ өсіп кетеді. Сосын мына жақта халқыңыз «Жұрттың баласы тез өседі» деп жазып отырамыз”, “ Ертең-ақ өсіп кетеді, сәл сабырлы болыңыз”, “Ұйқысы қанбай жүргендер біргеміз” деп жазып жатыр желі оқырмандары.