Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

"Ақшаны банкте сақтағанша, алтын сатып алған тиімді", - экономист

AstanaTV
25.01.2024ж. 20:00
650
"Ақшаны банкте сақтағанша, алтын сатып алған тиімді", - экономист

Банкке депозит ашып, оған ақша жинағаннан гөрі, алтынды сатып алған тиімді. Қаражатыңыз құнын жоғалтпасын десеңіз, осы әдісті қолданған жөн дейді экономистер. Халыққа тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасын Ұлттық Банк 2017 жылы іске қосты. Жұрт бұл жобаның игілігін көрді ме? Тақырыпты әріптесім зерделеді.

Жылдар бойы жиып терген қаражатының құнын кім де болса жоғалтқысы келмейді. Сондықтан халық ақша сақтаудың сан алуан әдісін пайдаланады.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Ақшаны депозитте сақтаған дұрыс деп ойлаймын. Депозитте кішкене болса да проценті қосылып тұрады. Күнде жарата бермейсің
- Мен ақшаны банкке сақтаймын. Өзіме солай ыңғайлы солай сақтаймын.
- Алтын бар.

Алтынды инвестиция көзі деп білетіндер де бар. Бірақ, соңғы уақытта қымбат тасты сатып алушылар азайыпты. Сатушы Бақыт Сыздықова осылай дейді.

Бақыт СЫЗДЫҚОВА, САТУШЫ

Қазіргі уақытта алтынға ондай сұраныс жоқ. 19, 20, 21 жылдары сұраныс жоғары болатын. Жылдан жылға сұраныс ондай емес.

Экономист Айбар Олжай халық экономикалық сауатты болғаны абзал дейді. Жинақтаған қаржысының өсуін қалап, депозитке сақтағаннан гөрі, алтынмен табысының тұрақтылығын ұстаған жөн екенін айтады.

Айбар Олжай, ЭКОНОМИСТ:

Алтын жылына 10 пайызбен өсетін болса, депозит 15-16 пайыз кіріс алып келеді. Сондықтан біз ақшамызды сақтаймын деген ниетпен жинасақ, онда бізге алтын өте қолайлы болады. Егер табыс табамыз десек депозит дұрыс. Бірақ тәуекелі жоғары.

Халыққа тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасын Ұлттық Банк 2017 жылы іске қосты. Содан бері жалпы салмағы 5 тонна 143 745 алтын құйма сатылған. Бұл орайда Алматы , Шымкент және Астана қаласында белсенділік жоғары. Сарапшылардың айтуынша, болашақта жұрттың алтынға деген сұранысы арта түседі. Бірақ, баға шарықтамайды.