Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

"Оқушыларды жаппай қырамыз" деп жалған ақпарат таратқандарды полиция іздеп жатыр

25.01.2024ж. 20:00
601
"Оқушыларды жаппай қырамыз" деп жалған ақпарат таратқандарды полиция  іздеп жатыр

Бүгін Ақтөбе жұрты дүр сілкінді. Әлеуметтік желіде "мектептердегі оқушыларды жаппай қырамыз" деген ақпарат тарады. Полиция тұрғындарға оның жалған хабарлама екенін айтып, дүрлікпеуін сұрады, сабырға шақырды. Қазір ақпарат көздері іздестіріліп жатыр. Қаладағы білім ошақтарында күзет күшейтілді.

Әсет ҚАЛИЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Әлеуметтік желілерде белгісіз тұлғалар Ақтөбе мектептерінде қылмыс жасауға дайындалып жатқаны туралы ақпарат таралуда. Осы факті бойынша полиция департаменті терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Осы ақпаратты таратқан тұлғалар анықталып, елдің заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады