Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Сенат инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы заңды мақұлдады

25.01.2024ж. 20:00
405
Сенат инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы заңды мақұлдады

Сингапур Қазақстанға 1 миллиард 400 миллион доллардан астам инвестиция құйған. Ал қатарлық инвесторлар 1 миллиард 300 миллион долларға тең 14 жобаны қарап жатыр. Бүгін Сенатта осы екі ел мен Қазақстан Үкіметі арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы заң мақұлданды. Құжат шетелдік инвестицияларды тарту және екі елдің инвесторларының құқықтарын қорғау үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған. Сондай-ақ ол өтемақы төлеуді, халықаралық арбитражға қол жеткізуді, елдердің шетелдік инвестицияларға әділ және тең қатынасын қамтамасыз ету арқылы мәжбүрлеп иеліктен шығарудан қорғауды қамтамасыз етеді.