Өткен жылдан бастап қазақстандықтарға өзін банкрот деп жариялауға заңды рұқсат берілді. 2023 жылы 8,3 мың қазақстандық «банкрот» статусын алған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Бірінші кредит бюросына сілтеме жасап.
«2023 жылы наурызда жеке тұлғалардан сотсыз банкрот деп жариялауға өтініш қабылдана бастады. Жыл соңына дейін 77 мың өтініш түскен, оның ішінде 62 мың өтініш кері қайтарылды. 8,3 мың қазақстандық банкрот статусын алды. Қарыздың негізгі көрсеткіш сомасы — 962 мың теңге, орташа сома — 1,6 млн теңге, минималды сома — 2978 теңге», - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, 2023 жылы 3 наурызда елімізде банкроттыққа өтінім қабылдау басталды.