Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Жалған полиция қызметкерін ұстады

AstanaTV
26.01.2024ж. 09:43
689
Жалған полиция қызметкерін ұстады

Полицейлер Орал қаласының тұрғыны өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, 1990жылы туған Орал қаласының басқа тұрғынына тиесілі 100 мың теңге көлеміндегі ақшасын алдап алып кеткенін анықтады.

Сонымен қатар күдіктінің тұрғылықты жерін және автокөлігін тінту барысында "страйкбол" ойыны үшін автомат, аталған автоматтың 1 магазині, 2 пневматикалық винтовка, полиция қызметкерінің нысанды киімі, көзінің ойықтары бар қара түсті бетперде табылып, тәркіленді. Тергеу жұмысы жүргізіліп жатыр.