Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Қазақстанда жасөспірімдер арасында қылмыс көбейген

Қазақстанда жасөспірімдер арасында қылмыс көбейген

Былтыр 8 айда 194 мың қазақстандық шетелге жұмыс істеуге кеткен. Сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасы басталғалы 15 871 адам білім алса, оның 268-і елге оралмаған. Шетелге кетіп жатқан жастарды қоғамның бір тарапы «патриоттықтан ада болғандар» деп сөгеді, ал кейбіреулер «елде әлеуметтік ахуал әлсіз болған соң кетіп жатыр» деп жақтайды. Патриотизм, отаншылдық, мемлекетшілдік деген не? Оны жас ұрпақтың бойына қалай сіңіреміз? «AMANAT» партиясы жанындағы республикалық Жастарды қолдау кеңесінің отырысында осы сұрақтар талқыланды.

Нартай СӘРСЕНҒАЛИЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Ұлтжандылықты, тәрбиені, мемлекетшілдікті кімнен бастаймыз? Мінекей, жастар кеңесінде көтеріп отырғанымыз сол. Біз мұның барлығын ата-анаға артып қоямыз. Ал енді мұнымен кім айналысады? Әрине, бірінші кезекте ата-ана айналысу керек, талас жоқ. Одан кейін оқу орындары, мектебіміз, балабақшамыз, ЖОО, мұның барлығы да осымен айналысу керек. Біз ұлтжанды, мемлекетшіл, отаншыл ұрпақ қалыптастырамыз десек, мемлекеттік орган бар, халық бар, барлығымыз бірігіп, бір арнада ғана жұмыс істеуіміз керек.

Соңғы 3 жылда кәмелетке толмағандар арасында қылмыс саны өскен. Әсіресе, Астана мен Алматы қалалары, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облысында құқықбұзушылық көбейіп, 5 мыңға жуық жасөспірім қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Руслан ӘЛКЕНЕВ, ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТИСТИКА ЖӘНЕ АРНАЙЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Балалар қылмысының көбеюінің бір себебі – қауіп тобындағы кәмелетке толмағандардың қараусыз қалуы, сабақтан тыс уақытта бос уақыттың көп болуы. Қылмыс жасаған жасөспірімдердің 48 пайызы не оқуда жоқ, не жұмыс істемейтіндер. Былтырғы жылға жасалған талдау барысында көрсеткендей, олар 9-сыныптан кейін оқуын жалғастырмаған балалар.