Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

"Үй шаруасындағы әйел": Қайрат Түнтеков алғаш рет әйелі туралы сыр шертті

AstanaTV
27.01.2024ж. 08:42
2336
"Үй шаруасындағы әйел": Қайрат Түнтеков алғаш рет әйелі туралы сыр шертті

Танымал әнші, халықаралық байқаулардың жүлдегері Қайрат Түнтеков алғаш рет жұбайы туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “1001 түн” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Өнер иесі шығаршалыққа бет бұрып, әндер жазып жатыр.

“Жарым мен қызым – өнердегі алғашқы қолдаушыларым. Әйелім ауылдың қызы. Өнерге қатысы жоқ. Ештеңемен айналыспайды. Үй шаруасындағы әйел. Кішкентай қызыма қарап отыр. Менің әндерімнің алғашқы тыңдарманы. Бірінші сол кісі мен ата-анам тыңдайды. Біз ата-анамыздан бөлек тұрамыз. Өйткені кезінде Алматыда бөлек тұрып, үйреніп қалдым. Еркіндікті ұнатамын. Ол кісілер де біледі. "Бізге кеп тұрсаң болды" дейді. Әке-шешем жасы кеп қалған, қарт адамдар. Менің өнерім қызыма дарыған. Ән десе ішкен асын жерге қояды. Болашақта өнер адамы болады-ау деп ойлаймын. Бірақ сахнада жүргенін қаламаймын", – дейді өнер иесі.