$476.27 €515.47 ₽5.41
×

Чикагодағы атыс: екі жасөспірім қаза тапты

AstanaTV
27.01.2024ж. 09:11
1319
Чикагодағы атыс: екі жасөспірім қаза тапты

 Чикагода (Иллинойс штаты) атыс салдарынан кем дегенде екі адам қаза тапты, деп хабарлайды KAZINFORM.

Дерекке қарағанда, қаза тапқандар - 16 және 17 жастағы екі студент. Олар мектептен шыққан кезде екі көлік келіп, одан бірнеше адам шығып, оқ жаудырған. Зардап шеккендер ауыр халде ауруханаға жеткізілді, дәрігерлер оларды аман алып қала алмады.

Полиция әзірге күдіктілердің ұсталғаны немесе олардың кім екені туралы хабарлаған жоқ.