Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Месси әлде Роналду: "Астана" футбол клубының ойыншылары кімді таңдайды

AstanaTV
28.01.2024ж. 08:51
783
Месси әлде Роналду: "Астана" футбол клубының ойыншылары кімді таңдайды

Елордалық "Астана" футбол клубының ойыншылары "Месси әлде Роналду мықты ма" деген сауалға жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Астана" командасының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Астана" футбол клубының бапкерлер штабы мен ойыншылары 14 қаңтардан бері Біріккен Араб Әмірліктерінде маусым алды оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Клубтың әлеуметтік желідегі ақпаратына сүйенсек, жаңа маусымға дайындық 31 қаңтарға дейін жалғасады. Елордалық команданың ойыншыларына

"Барлық уақыттағы ең үздік ойыншы кім? Месси әлде Роналду?" деген сұрақ қойылған еді. Футболшылардың басым көбі португалиялық спортшыны таңдады. 24 ойыншының 15-і Роналду десе, 9 футболшы ғана Месси деп жауап берді.