Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Алматылықтар тағы жер сілкінісін сезінді

AstanaTV
27.01.2024ж. 19:21
10559
Алматылықтар тағы жер сілкінісін сезінді

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық стансалар желісі Алматы маңында жер сілкінісін тіркеді.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмологиялық бақылау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

- Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 12.0. Магнитудасы - MPV 5,5. Жер сілкінісінің координаталары солтүстік-батыс бойынша 41,26°. Тереңдігі - 5 км. Байқағыштығы туралы мәлімет (MSK-64 шкаласы бойынша): Алматы қаласы – 2 балл, - делінген Алматы қаласы бойынша оператордың хабарламасында.