Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Павлодарда кәріз құдығынан ер адамның мәйіті табылды

AstanaTV
27.01.2024ж. 20:24
1782
Павлодарда кәріз құдығынан ер адамның мәйіті табылды

Павлодарда кәріз құдығынан ер адамның мәйіті табылды. Полиция оның жеке басын анықтады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Әлеуметтік желіде Қамзин көшесінде кәріз құдығында ер адамның денесі табылғаны туралы ақпарат тарады. Бұл мәліметті облыстық полиция департаменті растады.

"Аталған факті Павлодар полиция басқармасы Оңтүстік полиция бөлімінде тіркелген. Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамның жеке басы анықталды. Зорлық-зомбылықтың сыртқы белгілері жоқ"
Павлодар облыстық полиция департаменті

Сараптама тағайындалды. Оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады.