Жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі оқыс оқиғаның қалай өрбігенін айтып берді. Оның сөзінше, шабуыл жасаған ер адам әу бастан агрессивті болған, - деп жазды KAZINFORM.
Жедел жәрдем жүргізушісі дәрігерлерді Қарағандыдағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласына шақыртуға алып келгенде, ер адам оны соққыға жыққан.
- Бізде қалыпты күн болатын. Шамамен сағат 23:57-де қоңырау түсті, біз тез арада 2-ші блокқа, №30 үйге бардық. Біздің фельдшерлер жеделдетіп үйге кіріп кетті, себебі ол жерде бір жасар бала ауырып жатқан еді, - дейді жедел жәрдем жүргізушісі Төреғали. Берікқалиұлы.
Оның айтуынша, фельдшерлердің бірі 4-5 минуттан кейін үйден шығып, планшетке бланкілерді толтыра бастаған. Бір-екі минуттан кейін тумбочка көтеріп келе жатқан жас жігітпен жанжал басталды. Жедел жәрдем оның жолын бөгеп тұрғандықтан ер адам әдепсіз сөздер айтқан.
- Мен оған шақыртуда тұрғанымды және кете алмайтынымды түсіндірдім. Ал ол кетіп қалған сияқты болды. Алайда, кейін ол тумбочкасыз қайтып келіп, тағы да балағат сөздер айта бастады. Мен көліктен түстім, сол кезде фельдшер телефонына не болып жатқанын түсіре бастады, себебі ер адам агрессивті болды. Мен оған науқасты, баланы қарауға келгенімізді түсіндіруге тырыстым. Бірақ ол мені тыңдамады, – дейді Төреғали Берікқалиұлы.
Ашуланған ер адам ештеңеге құлақ аспай, жүргізушінің бетінен бірнеше рет соққы бергенде, сол жақ көзі ісіп кетеді. Жүргізуші рөлге ие бола алмағандықтан, дәрігерлер екінші топ пен полицияны шақыруға мәжбүр болды.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Қарағанды тұрғыны жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соққан болатын. Полицейлер төбелескен адамның кім екенін анықтады. Қазіргі уақытта шабуыл жасаған адамды ұстау жұмыстары жүргізілуде.
Жедел жәрдем жүргізушісінің соққыға жығылғаны туралы видео пайда болғаннан кейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Ажар Ғиният үндеу жариялап, бұл оқиғаның барысы жеке бақылауында болатынын айтты.