Спорт Қазақстан
$440.9 €475.95 ₽4.82
×

Қарағандыда тұрғын үйдің ауласында "гелендваген" жарылып кетті

AstanaTV
28.01.2024ж. 16:49
1481
Қарағандыда тұрғын үйдің ауласында "гелендваген" жарылып кетті

Қарағандыдағы аулалардың бірінде тұрақта тұрған Mercedes-Benz G 500 көлігі өртенген. Ашық оттың әсерінен көліктегі газ жабдықтары жарылып кетті, деп хабарлайды Ekaraganda.kz .

Оқиға кеше таңертең Қарағандыдағы Гапеев көшесіндегі тұрғын үйдің жанында болғаны хабарланды. Аймақтық төтенше жағдайлар департаменті ақпаратынша, жоғары температура салдарынан жанында тұрған Volkswagen Passat көлігі зақымданған.

"Үйдің жанында жалпы алаңы 4 шаршы метрді құрайтын Mercedes-Benz G 500 маркалы автокөлігінің қозғалтқыш бөлігінде, аспаптар панелінде және ішкі әрлеуінде жанғыш бөлшектер жанып кетті. Өрт сөндіру қызметі келгенге дейін Mercedes-Benz G 500 автокөлігінде орнатылған газ жабдығынан газ-ауа қоспасы жарылған. Өрттің алдын ала себебі ашық от көзінен болған", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Өрт сағат 04:19-да сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Кейін әлеуметтік желіде өртеніп кеткен көліктің видеосы пайда болды.