Актриса Әсел Асқар көпшілікті жаңа фотосессиясымен таңғалдырды. Шалбардың сыртынан іш киім киген өнер иесі Instagram желісіндегі парақшасында оқырмандарының қызу талқысына түсті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Тағдыр қандай тосын сый дайындаса да, мен оны сабырмен қабылдауға дайынмын", - деп жазды Әсел Асқар.
"Масқара", "Ұят", "Ұлың өсіп келе жатыр", "Осы қызды шайтан түртеді", "Мұның дұрыс болмады", "Жас емессің", - деді желідегілер. 32 жастағы актриса пікір білдірген оқырмандарына жауап берді. "Өмірде бәрі мінсіз болмайды. Мен табиғатымнан мүлде басқашамын. Менің блогым да солай. Бәріне ұнағым келмейді. Маған тек қолдау білдіріңіздер", - деп жазды актриса.
Осыдан кейін желідегілердің кейбірі Әсел Асқарға қолдау білдірді.
"Бақытты көрінесіз", "Басқа елде мұның бәрі қалыпты", "Өте әдемі суреттері", - деп жазды актрисаның оқырмандары.