Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Батыс Қазақстан облысының тұрғыны Аймекен Әбен өмір мен өлімнің арасында жатыр

29.01.2024ж. 20:00
501
Батыс Қазақстан облысының тұрғыны Аймекен Әбен өмір мен өлімнің арасында жатыр

Батыс Қазақстан облысының тұрғыны Аймекен Әбен өмір мен өлімнің арасында жатыр. Туыстары бұған облыстық аурухананың дәрігерлерін кінәлайды. Олардың айтуынша, Аймекеннің бойына бала біткесін, мазасызданып облыс орталығына жеткізілген. Дәрігерлер оған токсикозы күшейіп кеткенін ескертіп, түсік жасатуды ұсынады. Келіншек 80 мың теңге төлеп, құрсағындағы сәбиді алдырып тастаса да, жағдайы күрт нашарлапты. Бір айда бес рет ауруханаға түскен оны туыстары кейін басқа жеке емханада тексертеді. Сол кезде шақалақтың жарты денесі жатырда қалып қойғаны анықталыпты. Бір қызығы әлгі дәрігерлер қайтадан түсік жасатуға тағы ақша сұраған.

Гүлнар МҰҚАНОВА, БҚО КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМШЕ МЕҢГЕРУШІСІ

Анау кінәлі, мынау кінәлі деп ештеме айта алмаймын. Ауру ешкімге сұранбай келеді. Жүктілік мезгілінде токсикоз деген бар. Екіқабат әйелдің балаға жүктілік мезгілінде жүрегі айнып құсып, басы айналып, сондай болады. Сонымен жүкті болған күннен бастап, ол кісіде сондай болған. Ылғи құсады, тамақ іше алмайды. Лоқси береді.

Аймекен әлі ауруханада жатыр. Дәрігерлер оның ағзасында өзгерістер болып, жағдайы нашарлағанын жасырмайды. Енді консилиум жасап, білікті мамандардың кеңесіне жүгінеміз дейді. Ал келіншектің туыстары ана мен бала тағдырын талқан қылған кінәлілерді жауапқа тартуды талап етіп отыр.

Шынар ҚҰБАШЕВА, ТУЫСЫ:

Баланы бірден алғанда мүмкін жағдайы жақсарып кетер ме еді? Олар, мен түсінем, бір емес, екі рет наркозбен жатырды тырнап алу деген әйелдің денсаулығына өте қауіпті нәрсе ғой. Талабым - гинекологияның дәрігерлері мен терапияның дәрігерлерінің жауапсыздығынан осы кісілерді жауапқа тартып, бір шара қолданса деймін.