Жаңа
жыл мерекесі қарсаңында «Нұр Отан» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының
өкілдері «Аналар үйіне» барып сәбилерді құттықтады. Сый-сыяпаттар табыс
етті. Өскеменде орналасқан мекемеде 15
жас ана сәбилерін тәрбиелеуде. Партия өкілдері «Бақытты балалық шақ» жобасы аясында қыстық киім-кешек пен қоларбалар
табыс етті.
Александр
Светаш, «Нұр Отан» партиясы ШҚОФ төрағасының
орынбасары:
«Нұр
Отан» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалында 8 партиялық жоба іске
асуда. Солардың бірі - бүлдіршіндерге қамқорлық танытуға арналған «Бақытты
балалық шақ» жобасы. Біз бүгін «Аналар үйіне» келіп базарлықтар таратып
жатырмыз. Еліміздің келешегі - өскелең ұрпақ, сәбилеріміз екенін, Елбасымыз үнемі
айтып отырады. Партияның басым бағыттарының бірі - балалардың жағдайын жасап, ел
келешегіне еңбек етер азамат тәрбиелеу.
Айта
кетерлігі, «Нұр Отан» партиясы мұндай қалыпта басқа да шараларды өткізуді
дәстүрге айналдырған. Бұл ретте «Нұрлы жол», «Ардагерлерді ардақтайық»,
«Мектепке жол» акцияларын атап өтуге болады. Ағымдағы жылы Шығыс Қазақстан
облыстық филиалына 8 мыңнан астам азамат қабылдауға жазылып, 90 пайызының
арыз-өтініші оң шешімін тапқан.
Шахзода
Азанова, «Аналар үйінің» тұрғыны:
Бізді
ұмытпай келгендері үшін «Нұр Отан» партиясына алғыс айтамыз. Есігіміз қашан да ашық. Балаларымызға
көптеген базарлық ала келіпті.
Нейла
Оңғарбаева, «Аналар үйі» дағдарыс орталығының үйлестірушісі:
Біз үшін «Нұр Отан» партиясында «Бақытты
балалық шақ» бағдарламасының болғаны маңызды. Сәбилердің кішкентай кезі
қуанышқа толы болса, алдағы еліміздің болашағы қалыпты болмақ.