$538.33 €626.99 ₽6.71
×

Адам миына алғаш рет чип орнатылды

Адам миына алғаш рет чип орнатылды

Америкалық Neuralink компаниясы адам миына алғаш рет чип орнатты. Бұл туралы Илон Маск өз парақшасында жазды. Кәсіпкердің айтуынша, Telepathy - олардың алғашқы өнімі. Чип мүмкіндігі шектеулі адамдардың телефон мен компьютерді ой күшімен басқаруына жағдай жасады. Жоба негізі 2016 жылы қолға алынған. Бұған дейінгі жануарларға тәжірибе жасалған.

Илон МАСК, КӘСІПКЕР:

Neuralink импланты бірінші рет адам миына салынды, оның қалпына келуі жақсы жүріп жатыр. Бұл чиптің алғашқы пайдаланушылары аяқ-қолдарын басқару қабілетінен айырылған адамдар болады. Стивен Хокингтің жылдам мәтін теруші құрылғыдан да тез сөйлегенін елестетіп көріңізші. Керемет емес пе?! Біз осы мақсатқа жетуді көздейміз.