Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

"Мені қорлады": такси жүргізушісіне қатысты тағы бір дау шықты

AstanaTV
30.01.2024ж. 19:47
367
"Мені қорлады": такси жүргізушісіне қатысты тағы бір дау шықты

Әлеуметтік желіде Қостанайдағы такси жүргізушісі мен тұрғын арасындағы даулы видео тарады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Оқиға 24 желтоқсанда болған.

"Наша газета" басылымының мәліметінше, Қостанай полициясына хабарласқан қыз такси жүргізушісі екеуінің арасында жанжал туғанын айтқан.

"Қыз қатты демігіп, өзін нашар сезіне бастаған. Оқиға орнына жеткен медицина қызметкерлері тексеріп, оған көмек көрсеткен. Полицейлер такси жүргізушісінің әрекетінен ешқандай құқық бұзушылықты анықтамады. Осыған байланысты іс мұрағатқа (номенклатуралық іс) жіберілді. Жәбірленуші ретінде хабарласқан қыз такси жүргізушісіне кінә артудан бас тартты", - делінген ақпаратта.

Басылым мәліметінше, қыздың полицияға хабарласуына такси жүргізушісінің нақты мекенжайға емес, мобильді қосымша көрсеткен мекенжайға келгені себеп болған.

Оқиға орнына полицейлер мен жедел жәрдем келген. Алайда қыз есінде ешнәрсе жоғын, зорлық көргені де есінде емес екенін айтқан.