Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Баласына 4 миллион теңге қарыз

AstanaTV
31.01.2024ж. 10:12
680
Баласына 4 миллион теңге қарыз

Павлодарда жергілікті тұрғын 2017 жылғы алимент төлеу туралы сот шешімін орындамай, кәмелетке толмаған баласын асырауға 4 миллион теңгеден астам қарыз болған. Полиция ер адамды ұстады.

Қала тұрғынына қатысты Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ал Ертіс ауданының тұрғыны 2021 жылдан бастап алимент төлемей жүрген. Кәмелет жасына толмаған екі баласына әкесі 2 миллион теңгеден астам қарыз болған. Осы факті бойынша да сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, өткен жылы алимент төлеуден жалтарып жүрген 296 адам іздеу жарияланып, 35 әкенің автокөлігі анықталған.

Айта кету керек, алимент бойынша борышкерлердің көлік құралдары туралы мәліметтер "Автоағын" және "Қорғау" автоматтандырылған жүйелеріне енгізілуде.