Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Көліктің жүк салғышынан құрал-саймандар ұрлап кетті

AstanaTV
31.01.2024ж. 13:43
597
Көліктің жүк салғышынан құрал-саймандар ұрлап кетті

Астаналық полицейлер көліктің жүк салғышынан құрал-саймандар ұрлаған азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы аудандық полиция бөліміне қала тұрғынынан кешкі уақытта Байтұрсынов көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында белгісіз біреу Mercedes-Benz C240 автокөлігінің жүк салғышынан құрылыс құрал-саймандарын және кескіш араны ұрлағаны туралы арыз түскен.

Жәбірленушінің айтуынша ұрлық жүксалғыштан құрал саймандарды түсіріп жатқан кезде орын алып, оған келтірілген материалдық шығын 225 мың теңгені құраған. Тәртіп сақшылары сол аумақты қамтып тұрған бейнекамерадан жолдан өтіп бара жатқан көлік жүргізушісі жүк салғыштың ашық тұрғанын байқап, қалай тоқтағанын көрген. Сосын кабинада ешкімнің жоқтығына көз жеткізген ол жүксалғышқа барып, өзіне қажетті құралдарды алып, кетіп қалғаны да жазылған. Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер ұрының ізіне түсіп, бірнеше сағаттың ішінде ұрлық жасады деген күдікпен 39 жастағы астаналық тұрғынды ұстаған. Қазіргі уақытта заттай айғақтар алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның елордада бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.