Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Оралдық дәрігерлерді жазасын өтеуші өлімші қып сабап тастады

31.01.2024ж. 20:00
490
Оралдық дәрігерлерді жазасын өтеуші өлімші қып сабап тастады

Оралдағы қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеуші өзін емдеген дәрігерлерді көкала қойдай қылып сабап тастады. Оқыста таяққа жығылған жігіттердің денсаулығына елеулі зақым келген. Біреуі белінен шойырылса, енді бірінің ерні жыртылыпты. Жәбірленген дәрігерлердің айтуынша, жазасын өтеуші өзіне жасалар ем-доммен келіспей, балағат сөздер айтқан. Осыдан кейін күзетші оны камераға алып кетеді. Бірақ қолындағы кісенін шешіп тастап, қайтып келген жазасын өтеуші дәрігерлерді теуіп құлатып, жұдырық сілтеген. Соққыға жығылған жігіттердің айтуынша, абақты қызметкерлері оларды құтқарып алуға асықпаған. Тіпті сотталушыдан таяқ жедің деп мазақ қылыпты.

БҚО БОЙЫНША ҚАЖД 28 МЕКЕМЕСІНІҢ ФЕЛЬДШЕРІ:

Белімнен тепті. Кәдімгі жарға жабысып қалдым. Қатты удармен жүгіріп келіп теуіп тұр ғой.

БҚО БОЙЫНША ҚАЖД 28 МЕКЕМЕСІНІҢ ФЕЛЬДШЕРІ

Қасымда тұрды да, мені бір ұрып қалды. Ни за что! Кірмеймін енді. Не үшін кіреміз. Қалтасына бірдеме тығып әкеліп, біреуі бірдеме тығып алса. Вольно ғой бұлар, жүре береді, ішке кіреді, шығады. Бәлнесте жүрген сияқты болады ғой.

БҚО БОЙЫНША ҚАЖД 28 МЕКЕМЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Біз осы оқиғадан кейін кіруге қорқамыз. Жігіттерді ұрып-соғады. Біз әйел адамбыз, бізге де зорлық көрсетуі мүмкін ғой. Қорқамыз біздер содан.

Осы оқиғадан қатты қорқып қалған мамандар абақтыдағы қауіпсіздік күшейтілуін талап етіп отыр. Яғни, дабыл нүктесі орнатылып, өздерін күзететін жасақшылар көбейтілуі тиіс. Әйтпесе жұмысқа шықпаймыз дейді. Бүгінде Оралдағы қатаң режимдегі РУ-28 колониясында 800-дей адам жазасын өтеп жатыр. Бәрі де - ауыр қылмыс жасағаны үшін ұзақ жылға сотталғандар.

Асқар ТІЛЕГЕНОВ, БҚО БОЙЫНША ҚАЖД МЕКЕМЕСІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

РУ 28 мекемесінде жазасын өтеуші мен медициналық қызметкер арасында ем-домға қатысты кикілжің болғаны рас. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сондықтан басқа ақпаратты айта алмаймын. Қазір жағдай қалыпты, қызметкерлердің қауіпсіздігі қамтамасыз етілген.