Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Мемлекет басшысы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Байбазаровты қабылдады

31.01.2024ж. 20:00
506
Мемлекет басшысы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Байбазаровты қабылдады

Өткен жылы «Бәйтерек» холдинг активінің өсімі 12 пайызға жетіп, 400 миллиард теңгеден астам табыс тапқан. Бұл туралы Мемлекет басшысының қабылдауында болған басқарма төрағасы Нұрлан Байбазаров мәлімдеді. Биыл компания агроөнеркәсіп кешені жобаларына 370 миллиард теңге инвестиция құйып, 4 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуды көздеп отыр. Сондай-ақ, өңдеу өнеркәсібін, туристік саланы қаржыландыру, қалдықтарды қайта өңдеу және сұрыптайтын зауыттар салу мен 9-20-25 тұрғын үй бағдарламасын қаржыландырмақ.

Нұрлан БАЙБАЗАРОВ, "БӘЙТЕРЕК" ҰЛТТЫҚ БАСҚАРУШЫ ХОЛДИНГІ" АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Мемлекет басшысына холдингтің жаңа бастамалары мен бағдарламалары туралы айтылды. Сол бағдарламаларды жүзеге асырудың есебінен біз осы жылы холдингтің экономикаға деген үлесін екі есеге арттыруға жоспарлап отырмыз.