Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Такси жүргізушілеріне арнап жоба жасалды

AstanaTV
31.01.2024ж. 17:09
545
Такси жүргізушілеріне арнап жоба жасалды

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов такси жүргізушілері үшін қолайлы жоба жасалғанын айтты.

Мемлекеттік кірістер органдары Яндекс таксимен бірлесіп Астана және Алматы қалаларында Яндекс Такси қосымшасы арқылы қызмет көрсететін такси жүргізушілеріне арналған пилоттық жобаны іске қосты. Қатысушылар саны - 4 400-ден астам жүргізуші. Қаңтар айында жобаға 2 800-ден астам такси жүргізушісі қосылды. Жобаның осы жылдың желтоқсанына дейін жалғасады. Жолаушыларды тасымалдау қызметін көрсететін 17 мың жеке кәсіпкер тіркелген, - дейді Біржанов ОКҚ-да өткен брифингте.

Такси жүргізушілері үшін пилоттың артықшылықтары қандай?

- таксопарктердің делдалдық қызметтерін алып тастау, бұл ақша қаражатын үнемдеуге және оларды салықтар мен әлеуметтік төлемдерді төлеуге бағыттауға мүмкіндік береді. Тиісінше, жүргізуші әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне тартылады;

- дара кәсіпкер ретінде тіркеуді оңайлату (мемлекеттік кірістер органдарына бармай);

- нақты алынған кірістің 1% мөлшерінде салық төлеу, ал қызметкердің кірісінен салық 10% мөлшерінде ұсталады;

- салық есептілігін ұсыну бойынша міндеттемелердің болмауы. Сондай-ақ, Glovo, Wolt, InDrive және т.б. сияқты компанияларды пилотқа қатысуға қосу жоспарлануда.