Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

“Өле салайын деймін”: 17 жылдан бері сарсаңға түскен танымал ақын

AstanaTV
01.02.2024ж. 12:00
1076
“Өле салайын деймін”: 17 жылдан бері сарсаңға түскен танымал ақын

Серікбол Ермахан 15 жылдан бері мал соңында жүр екен. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі “Көреміз” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ол 17 жылын текке өткізгенін айтады. Серікбол Руслан Өтепбайға әлеуметтік желіден жазып, көмек сұраған.

“Мұң-зарымды параққа төкпелейін,
Қатарымнан қалыппын көпке дейін.
Өз қолыммен жасаған тағдырыма,
Кінә қойып несіне өкпелейін”,-дейді ақынның өзі.

Ақын жастар арасында танылып, өлеңдері жарыққа шығып жүрген. Ол редакцияға:

“Қазір қой бағып жүрмін. Болашаққа деген ешқандай үміт қалмады. Өле салайын деймін кейде. Бірақ қолым бармай жүр. Арақты өлгенше ішіп оянбай қалсам ғой деймін, кейде. Маған заңды түрде көмектесіп, өмірімді бір қалыпқа түсіруге бола ма?”,-деп хат жолдаған.

Оған қой бақтырған адамдар өлген қойларын мойнына іліп, ақы бермеген. Желіде тауып ап, бопсалап жазатын көрінеді.

Ол азаматтық некедегі әйелімен ипотекаға үй алған. Келіншегім 2 банкирр жігіт алып келді. Ақынның атына пәтер рәсімделгенімен, құжаттан қатлік шығып, ақын далада қалған. Бағдарлама соңында ақынға жан-жақты көмек көрсету қарастырылатыны айтылды.