$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Экономикалық ахуал

AstanaTV
30.12.2016ж. 20:00
3383
Экономикалық ахуал

Алдымен экономикалық көрсеткіштерге көз жүгіртейік. 12 айда ішкі жалпы өнім 1 пайызды құрады. Инфляция 7,5 пайыз шамасында. Жұмыссыздық 4,9 пайыз. Халықтың орташа табысы 74 500 теңгені құрады.

Теңге бағамы жыл басында 380 теңгеге дейін құлдырады. Мұнай бағасы тіпті мұңайтты. Бірақ біртіндеп өсіп келеді. Бұған ОПЕК елдерінің 8 жылда әрең дегенде қол жеткен мұнай өндірісін қысқарту туралы келісімі ықпал етті.  Экономикадағы маңызды жаңалықтарды тілшіміз Айгүл Әдепбай айтып береді.

Жылдың басты жаңалығының бірі - Қашағанның іске қосылуы. Кен орнынан тәулігіне 120 мың тонна мұнай өндіріліп отыр. Жыл соңына дейін "қара алтын" көлемін 1 миллион тоннаға жеткізу жоспарланған. Осылайша Қазақстан биылғы өндірісті әу бастағыдай 75 миллион емес, 77 миллион тоннадан асырмақ.

Ал келер жылдан бастап "қара алтын" шығаруды тәулігіне 20 мың баррельге азайтамыз. ОПЕК-ке мүше елдерге берген уәде осындай. 

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

ОПЕК елдері 50 мың сұраған қысқартуға Қазақстаннан. Біз өзіміз санап көрдік, 20 мен 30 мың баррель арасында қысқартуға болады деп, әсіресе Сауд Арабия королі сұраған, бірақ біз айттық, осындай сандарымыз бар, символика ретінде біз осы мәселені қабылдап жатырмыз деп.

Қарашада тәулігіне рекордық 1 млн 720 мың тонна өнім алдық. Яғни одан мұртымыз қисаймайды. Алайда мамандар нәпақасын мұнайдан айырып отырған біз үшін көп дейді.

Айгүл Әдепбай, тілші:

Есептеп көрейік. 20 мың баррель шикізатты күнделікті қысқартамыз делік. Қазіргі баға шамамен 55 доллар. Көбейтеміз, бұл күнделікті 1 млн 100 мың доллар. Мұнайды жарты жылға қысқарту туралы келісім бар. Жарты жылда 180 күн деп, оны көбейтсек, 198 млн доллар ақша қысқарады. Толықтырып 200 млн дейік. Бұл тек қана мұнай көлемі ғана емес, сол 6 айда өнімді 200 млн доллар ақшаға айналдырып отырған жұмыскерлер де қысқарады деген сөз бе?

Алайда энергетика министрі шикізат өндірісінің азаюы бір де бір жұмыс орнына әсер етпейді деді. Өйткені қара алтын өндірісін негізінен тозып, табиғи түрде ескірген кен қойнаулары есебінен қысқартпақпыз. Үкімет Қашағанға зор үміт артып отыр.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

Салықты есептесек, жалпы контрактный период дейміз ғой, 41-ші жылға дейін, егер мұнай бағасы баррельге 50 доллар қалса, Қазақстанға 25 млрд доллар түсуі мүмкін. Егер мұнай бағасы 75 доллар болса, 74-76 млрд доллар түсуі мүмкін.

Ал ОПЕК-тің 8 жылдан әрең қол жеткізген келісімін АҚШ Федералды резервтік жүйесінің шешімі күл талқан етті. Базалық мөлшерлеме 0,25 пайызға көтерілді. Бұл АҚШ экономикасына пайдалы болғанмен, әлемдік экономиканы тығырыққа тіреп отыр. Яғни доллар өскен соң, сыртқы қарыздар да өседі. Біздің сарапшылар теңге құнсызданады деп болжайды. Бірақ инсустриализацияға бет бұрған Қазақстан құр алақан отырмақ емес. Биыл 23 ауқымды жоба іске қосылды. Соның бірі Ресей жанармайына тәуелділіктен арылтатын, құны 1 трлн теңгеге бағаланған Атырау мұнай өңдеу зауыты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:


При сегодняшних не очень приятных ценах на энергоносители переработка нефти и газа является главной нашей целью. Это главный пункт индустриализации страны - переработать сырье, которое у нас есть. Ваш завод - крупнейший и дорогой проект, мы его доведем до конца и вторую очередь тоже. А дальше будем заниматься нефтехимией и в Атырауской области.

Индустрияландыру бағдарламасы аясында 10 айда 179,2 млрд теңгенің 63 жобасы жүзеге асып, 4,8 мыңдай тұрақты жұмыс орны ашылды. Бағдарлама жүзеге асқан жылдары  4 трлн теңгенің 961 жобасы іске қосылды, 90,6 мың адам кәсіп тапты. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ