Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Цемент зауыттарын салуға тыйым салынады

AstanaTV
01.02.2024ж. 19:10
544
Цемент зауыттарын салуға тыйым салынады

Өзбекстанда цемент зауыттарын салуға мораторий жариялануы мүмкін. Бұл туралы елдің экология министрі айтты. Оның сөзінше, осы өнімді шығаратын 47 зауыттың 23-і қазір жұмысын тоқтатқан. 25 кәсіпорынды тексеру кезінде олардың 90%-ның экологиялық талаптарды бұзғаны анықталды,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы. 

Ауаны ластап жатқан нысандар керісінше жасыл желекті көбейтуге міндеттеледі. Яғни, құрылыс материалдары мен энергия өндіруші кәсіпорындар, металлургиялық зауыттар аумағы 5 гектардан кем емес жерге ағаш отырғызуы тиіс. Ташкентте ауаның сапасын көрсетіп тұратын арнайы мониторлар орнатылады. Ауыр жүк көліктері мен шығарылғанына 10 жылдан асқан машиналардың жүруі шектеледі.

Шавкат Мирзиёев, Өзбекстан республикасының президенті:

Қала құрылысы мен жол қозғалысына жауапты барлық деңгейдегі басшылар «Жаяу жүргіншілерге арналған қала» ұранын басты қағида ретінде ұстануы тиіс. Бұл ретте қоғамдық көлікке басымдық берілсін. Ал автокөліктер тек сән-салтанатқа айналуы керек.