$494.87 €520.65 ₽4.91
×

11 адамды өлтіріп, жазасын өтеп шыққан петропавлдықтың суреті жарияланды

AstanaTV
01.02.2024ж. 22:36
1237
11 адамды өлтіріп, жазасын өтеп шыққан петропавлдықтың суреті жарияланды

Солтүстік Қазақстан облысында қарақшылық, зорлау, ұрлық және кісі өлтіргені үшін 25 жылға бас бостандығынан айырылған ер адам бостандыққа шықты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Тоқсаныншы жылдардың соңында Петропавл тұрғындарын үрейде ұстаған қылмыскердің қолынан 10 әйел мен бір кішкентай қыз зардап шекті. Ер адам халық аз жүретін жерлерді торуылдап, құрбандарының артынан келіп, балтамен бастан ұрған. Зорлап, тонап, шешіп алған алтын бұйымдарды әйеліне сыйлаған. 1999 жылы қолға түскен. Енді жазасын өтеп бостандыққа шықты.

Бұл хабарды Петропавл тұрғындары үреймен қарсы алды. Қазір түрлі мессенджерлерде және әлеуметтік желіде бірін-бірі ескерткен хабарламаларды кездестіруге болады.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше Петропавл қаласының 60 жастағы тұрғыны осы жылдың 12 қаңтарында бас бостандығынан айыру орындарынан босап шықты. Алайда оған соттылығы толық өтелгенге дейін 8 жыл мерзімге әкімшілік қадағалау белгіленген.

Сот есепте тұрған адамға қатысты бірқатар шектеулер белгіледі: тұрғылықты үйінен сағат 22.00-ден таңғы 6.00-ге дейін, қала сыртына шығуға болмайды, ішімдік мен есірткі тұтынуға, демалыс орындарына баруға тыйым салынады. Белгіленген талаптарды бақылау үшін электрондық бақылау құралы — электронды білезік қолданылды.