Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Анасы мен қызын бауыздап, денесін тығып қойды

AstanaTV
02.02.2024ж. 07:47
640
Анасы мен қызын бауыздап, денесін тығып қойды

Ресейде Қазақстаннан барған 39 жастағы әйел мен кішкентай қызын өлтіріп кетті. ММА спортшысы марқұмдарды бауыздап, денесін тығып қойған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

39 жастағы Алина есімді әйел Қазақстаннан Новосібірге оралады. Марқұмның өз еліне қайту себебі - қайтыс болған әжесінен қалған мұра.

Қаражатты тиімді пайдалануды ойлаған Алина өзіне көлік сатып алып, кейін жылжымайтын мүлікке ақша салғысы келген. Марқұмға көлік таңдауға көмектесемін деген 31 жастағы Фируза есімді ММА спортшысы Алинамен бірге болған.

Фируза әйелге 1,5 миллион рубльге шетелдік көлікті таңдасқан. Серіктесінен күдіктенбеген Алина спортшымен бірге көлікке дабыл қоюға барған. Осыдан кейін әйел мен Фирузада байланыс үзілген.

Алинаның Қазақстандағы таныстары полицияға арызданып, әйел мен баласы жоғалғанын айтқан. Жергілікті полиция бөлімшелерінде екі адамды өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, әйелмен бірге болған Фируза күдікке ілінді.

"Адам өлтірді" күдікті бірнеше күннен кейін Қазақстан-Өзбекстан шекарасында ұсталған. Жауап алу кезінде ол әйелді пышақтап, қызды тұншықтырып, денелерін жасырғанын мойындады.

Ал азапталған марқұмдардың денесін 31 қаңтардажолдың жанында қарға көмілген жерінен табылған. Алинаның денесінде қызы үшін жасалған арнайы тату да болған екен.