Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

10 жастағы бала аялдамада адасып кетті

AstanaTV
02.02.2024ж. 08:46
691
10 жастағы бала аялдамада адасып кетті

Шымкентте жоғалып кеткен он жастағы бала тәртіп сақшыларының жылдам әрекет етуінің нәтижесінде жарты сағат ішінде табылды.

Полиция бөлімшесіне ұлы мектепке кетіп, қайта үйіне оралмағандығы жөнінде қала тұрғынынан хабарлама түскен.

Жоғалған баланы жедел іздестіру шараларына Тұран АПБ Ювенальдық полиция қызметкерлері жұмылдырылып, қала аумағындағы тәртіп сақшыларына шұғыл бағыттама берілді.

Тоқтаусыз жүргізілген іздеу жұмыстарының нәтижесінде, жасөспірім сол аудан аумағында адасып жүрген жерінен табылды.

Белгілі болғандай мектеп оқушысы түсетін жерінен емес, басқа аялдамадан түсіп қалған.

Бала аман-есен ата-анасына тапсырылды.