Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Өскеменде көпірдің құлауына тіреулердің шіруі себеп болған - Прокуратура

AstanaTV
04.01.2017ж. 20:00
2479
Өскеменде көпірдің құлауына тіреулердің шіруі себеп болған - Прокуратура

Өскемендегі көпірдің құлауына тіреулердің шіруі себеп болған. Арнайы жүргізілген тексеру қорытындысынан соң прокуратура өкілдері осындай мәлімдеме жасады. Техникалық сараптаманың шешіміне сай, конструкция 50 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылған. Бетонда майда жарықшақтар пайда болып, оның арасына су кірген.

Еске салайық, өткен жылы қарашада құрылыс жұмыстары кезінде Ертіс үстіндегі көпір опырылып түскен. 4 жұмысшы құлап, оның біреуі ауыр жарақат алған еді.

Рустам Шідердинов, ШҚО прокуратурасы әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасының бастығы:

Майда жарықшақтардың арасына су кіріп, арматура коррозияға ұшыраған. Сондықтан ескі көпір конструкциясына демонтаж дұрыс жасалмады деп айтуға болмайды.