$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ерекше күтімді қажет ететін балалар арасында вокалды-аспаптық байқау өтті

02.02.2024ж. 20:00
1077
Ерекше күтімді қажет ететін балалар арасында вокалды-аспаптық байқау өтті

Ерекше күтімді қажет ететін балалардың шығармашылығын дамыту мақсатында Астана қалалық білім басқармасы "Шуақ" вокалды-аспаптық байқауын өткізді. Үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылған өнер сайысында 25 қатысушы бақ сынады. Жас ерекшеліктеріне байланысты үш топқа бөлінді.

Жас музыканттардың өнеріне таңдай қағасың. Түрлі аспапта ой салар туындыларды орындады. Олардың ішінде әлемді саусақпен танып жүрген зағип жандар, түрлі дертке шалдыққан балалар бар. Байқаудың мақсаты жас дарындардың өнерін насихаттау, таланттарын шыңдау.

Жанар ОРАЛБАЕВА, №1 БАЛАЛАР МУЗЫКА МЕКТЕБІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жалпы барлық аспап қамтылған. Домбыра бар, үрмелі аспаптардан, соқпалы аспаптардан, фортепияно және этрадалық вокал жанры бойынша қатысып жатыр. Жалпы жас музыканттар мектепке келгеннен кейін оларды ары қарай дамыту, сахнаға шығару, әлеуметтендіру ең басты міндет.