Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

"Дәрі-дәрмекке ай сайын 300-400 мың теңге жұмсаймын",-тұрғын

AstanaTV
02.02.2024ж. 20:00
569
"Дәрі-дәрмекке ай сайын 300-400 мың теңге жұмсаймын",-тұрғын

Елімізде дәрі-дәрмек бағасы шарықтап тұр. Қазір түрлі аурудың өршіп, үдейтін кезі. Сан сырқат сыр беріп, мазалайды. Емханаға барасың, дәрігерге жағдайыңды айтасың. Ол отыра қалып қағазға дәрі-дәрмекті үйіп-төгіп жазып береді. Оны алуға екінің бірінің жағдайы келмейтіні анық. Тек қолжетімдісін сатып алады. Ал дерті дәріге тәуелділер ше? Олардың күні қалай? Тілшіміз жеткізеді.

Асем- жалғызбасты ана. Осыдан 4 ай бұрын асқазан ауруына шалдыққан. Дәрігерлер жазып берген препараттарға ай сайын шамамен 350-400 мың теңге жұмсайды. .

Әсем КОРКУМБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

 Қымбат өте, оларды сайттан іздейтінмін. Дәрігердің қабылдауы қымбат. +300-400мың қаражат кетіп отырды. 3-4 ай көлемінде.

Сондықтан жұрт алып бара жатқан ауру болмаса, анау-мынау бас ауырып, балтыр сыздағанға мән бермейді. Ауырмаудың қамын жасайды. Бірақ, оған да ақша керек.

Күнімжан ҚАЛА, ТҰРҒЫНЫ:

ДТР 3 макс дәрісін алып беріп отырамын, осыдан 2500-3000тг болса. Декабрь желтоқсан айында 4200 тг көрдік, басқа амалым болмады алдым. Көп қаражат соған кетеді. 20-30 пайызы бұл менде бір балаға.

Былтыр елімізде дәрі-дәрмек құны 11 пайызға қымбаттаған. Министрлік бекіткен шекті бағаны ескермейтіндер бар.

Айгүл БАЛҒАБАЕВА, ҚР ДСМ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:

Дәріхана ұйымдарында, шекті бағадан асырмай сатса болды. Екінші айтарым, егер дәрілік заттар бағасы бекітілген шекті бағадан асса, факті анықталса. Айыппұл салынады. Чекпен қазақша түбіртекпен келуі қажет немесе Дәрі.кз мобильдік қосымшада өтініш қалдырса болады.

Министрлік өкілінің айтуынша, дәріханадағы баға белгіленген мөлшерден асып кетсе, қосымша арқылы шағымдануыңызға болады. Ол үшін әрине дәлел болуы қажет. Қымбатшылықты ауыздықтау үшін Үкімет отандық өндірісті нығайтуға күш салуда. Соңғы бес жылда отандық фармацевтика нарығы 2 есе өскен.

Гүлдария МАНАҚПАЕВА, ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ӨНІМДЕРДІ ӨНДІРУШІЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Бізде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіру үшін және нарыққа шығару үшін бес жылға дейін уақыт өтеді. Оның ішіне не кіреді дейсіздер? Оның ішінде, бір жарым жылға дейін сараптама, сараптама жасау, мемлекеттік тіркеуден өту. Екіншіден, бізде бағалар тіркеледі. Оған да бір жарым жылға дейін уақыт өтеді. Бағасы тіркелгеннен кейін бірыңғай дистрибьютеріміздің өзінің жаңағы сатып алатын тізімі бар. Сол тізімге ілуіміз үшін тағы бір жыл өтеді.

Елімізде осал топқа жататындарға жеңілдіктер қарастырылған. Сирек кездесетін дертке шалдыққан науқастардың дәрісіне бюджеттен 75 млрд теңге бөлінді. Сонымен қатар былтыр мемлекет қазынасы мен Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан медициналық қызмет көрсетуге 2,5 трлн теңге жұмсалған. Жалпы денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржы 20 пайызға ұлғайды.