Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

"Мақсат-проблеманы көрсету",-суретші

02.02.2024ж. 20:00
421
"Мақсат-проблеманы көрсету",-суретші

Алматыда белгілі суретші Ербосын Мелдібековтің көрмесі өтті. Бұл жолы көрерменге ерекше астарлы мағынаға толы 13 шығармашылық туынды ұсынылды. Көрмеде автор кеңістік пен уақыт туралы тұжырымдамаларын, түрлі мәселелерге деген ерекше көзқарасын бейнелеген. Суретші жұмыстарында көбіне қола мен ағашты қолданған. Автордың сөзінше, өнер адамының мақсаты- проблеманы көрсету. Мелдібеков мүсін, инсталляция, орындаушылық, бейне және фотография жанрларында өзіне тән ирония мен сарказм стилінде жұмыс істейді. Әр туындыда әзіл мен абсурд элементтерін қолдана отырып ойын жеткізеді.

Серік ТОЛЫҚПАЕВ, “AITAS” ХОЛДИНГІНІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ:

Әр жұмысында өте бір терең ойы бар, философиялық бір мағынасы бар жұмыстар әрқайсысында. Мен ойлаймын бұл әр келген адамға терең ойларға түсетіндей, ойланатындай біздің еліміздің, жеріміздің болашағын ойланған адамға бір жақсы көрме деп ойлаймын.