Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

"27 қабатты үйде бір отбасы ғана тұрады": Нұрболхан Шарапов Үндістандағы ең бай адамның үйіне барды

AstanaTV
02.02.2024ж. 18:21
1366
"27 қабатты үйде бір отбасы ғана тұрады": Нұрболхан Шарапов Үндістандағы ең бай адамның үйіне барды

Отандық танымал әзілкеш Нұрболхан Шарапов Үндістандағы саяхаты қалай өтіп жатқанын айтты. Белгілі жайдарманшы бұл елдегі ең бай адамның үйіне барып, әйгілі актер Шакрух Ханның баспанасын көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұрболхан Шарапов Instagram желісінде асқан белсенділік танытып, оқырмандарына Үндістандағы саяхаты қалай өтіп жатқанын көрсетті. Әзілкеш Үнді елінің әсем әрі тарихи жерлерін аралап, оқырмандарына барынша пайдалы әрі қызықты контент ұсынуда. Жайдарманшы осы жолы Үндістандағы ең бай адамның үйін барып көрген. Айтуынша, 27 қабатты үйде тек бір ғана отбасы тұрады екен.

"Үндістандағы ең бай адамның үйiне бардық. 27 қабатты үй екен. Не деген сұмдық. Сол 27 қабатта бiр ғана отбасы тұрады. Жағдайы жоқтарға көмектеспей ма деп қалдық. Сыртында күзетшілер бар. Тіпті суретке түсіруге рұқсат жоқ. Үйдің ішінде өмір үшін қажеттінің бәрі бар. Далаға шығудың қажеті де жоқ", - деп жазды Шарапов.