$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Танымал әнші әрі актриса Кәмшат Жолдыбаева өнерді тастап, басқа салаға кетті

AstanaTV
02.02.2024ж. 22:39
6273
Танымал әнші әрі актриса Кәмшат Жолдыбаева өнерді тастап, басқа салаға кетті

Тұрмыс құрып, сахнадан көрінбей кеткен Кәмшат Жолдыбаева жаңа мамандық меңгергенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әйел адамға жұмсақтық тек мінезіне, табиғатына ғана емес, тәніне де жарасқан. Созылу амплитудасының жоғары болуы – дене жастығының бір көрсеткіші. Бізді нағыз әйел ететін, ол – гормондарымыз. Бір ғана фактор: стресстің өзі ағзамызға, соның ішінде гормондарымызға үлкен зиянын тигізеді. Содан неше түрлі аурулар туады. Осындай мәселелерді шешу үшін әйелдер гормоналды йогасының маманы атандым. Аллаға шүкір! Ендігі мақсатым – білімді басқа да денсаулыққа қатысты жаттығулармен дамыту. Әйел адамдарға көмектесіп, қызмет еткім келеді, – деп жазды әнші.

Сонымен қатар, эстрада жұлдызы психология саласына да бет бұрған көрінеді.

Психология саласы – өмірімдегі келесі қадам. Жаңа саяхат, жаңа білім, жаңа зерттеу. Ең бастысы – өзімді тану. Сол арқылы Алланы танығым келеді. Менде ниет пен талпыныс бар. Нәтижені Жаратқанға тапсырдым, – дейді Кәмшат Жолдыбаева.